Шебер Олимпиада чемпионы Сметовтің суретін қағаздан ойып салды

Елдос жол ашып, барлығына үлгі болды.

Шілде 31, 2024 - 17:11
Шілде 31, 2024 - 17:11
Шебер Олимпиада чемпионы Сметовтің суретін қағаздан ойып салды
Фото: видеодан кадр

Қазақстандық шебер Әсел Сабыржанқызы тек қана қағаз бен қайшыны пайдаланып, Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің портретін жасап шықты, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Сонымен қатар ол Париж олимпиадасының чемпионын құттықтап, әсерлі жазба жариялап, өзге де спортшыларымызға сәттілік тілеген.

"Қазақстанға Париждегі турнирдің алғашқы алтынын әкелген Елдос Сметовты құттықтаймын! Дзюдо, бұл ең күрделі спорт түрлерінің бірі, оған 198 ұлттық федерация кіреді, бірақ біздің чемпионның арқасында қазір барлығы тек Қазақстан туралы айтып жатыр. Барлық спортшыларға зор денсаулық пен сәттілік тілеймін! Елдос жол ашып, барлығына үлгі болды. Мұндай нәтиже үшін қаншама еңбек пен қаншама тер төгілді. Алға Қазақстан!", - деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow