Өскемен қаласының әкімі ел алдында ән айтты

Қала басшысы қолына микрофонды алып, жиналған тұрғындарға «МузАрт» тобының «Сен келерсің» әнін орындап берді.

Тамыз 31, 2024 - 14:17
Тамыз 31, 2024 - 14:17
Өскемен қаласының әкімі ел алдында ән айтты
Фото: видеодан скрин

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар қала тұрғындарын қала күнімен құттықтап, орталық алаңда ән шырқады, — деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

30 тамызда мерекелік серуен кезінде іс-шаралар мен ойын-сауықтармен қатар алаңда караоке алаңы орнатылды. Қала басшысы қолына микрофонды алып, жиналған тұрғындарға «МузАрт» тобының «Сен келерсің» әнін орындап берді.

Желіде қала әкімінің видеосы пайда болды.

Еске салайық, Жақсылық Омар 2018 жылдың 20 тамызында Өскемен қаласының әкімі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow