Жоғары шенді шенеуніктерге қатысты қылмыстық істе Байтасовтың аты аталды

Шілде 31, 2024 - 16:14
Шілде 31, 2024 - 16:16
Жоғары шенді шенеуніктерге қатысты қылмыстық істе Байтасовтың аты аталды
Фото: Андрей Лунин

Медиамагнат Арманжан Байтасов жоғары шенді шенеуніктерге қатысты қылмыстық іске қатысы болуы мүмкін. Бұл туралы журналист Михаил Козачков жазды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

«Алматыдағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта тағы бір қызық процесс басталды. Айыпталушылар - әкімдікте жер мәселелері үшін жауапты болған бұрынғы басқарма бастығы Алмасхан Ахмеджанов пен Ардақ Самамбетов бастаған жер мен құрылысқа рұқсат беруге қатысы бар шенеуніктер. Бұл даулы іс, себебі ол тек мемлекеттік қызметкерлерге ғана емес, қаладағы элита өкілдеіне – депутаттар мен ірі кәсіпкерлерге қатысты. Мен айыптау актін оқып шықтым, 159 бетте жазылған нәрсені бір жазбамен түсіндіре алмаймын. Сондықтан материалды бірнеше бөлімге бөліп түсіндіремін. Бүгін құрылыс салушылардан кері қайтарым (откат) алу схемасы туралы түсіндіріп беремін. Онда өзін медиамагнат деп атайтын бірнеше БАҚ иесі Арманжан Байтасовтың да аты аталады», - дейді Козачков.

Оның сөзінше, Алмасхан Ахмеджанов рұқсаттарды заңсыз ресімдеуде көрсетілген лауазымдық өкілін теріс пайдаланды деген күдікке де ілінген.

«Әлдебір коммерсанттарда жақсы ауданда тұрған жері бар деп елестетейік, жеке тұрғын үй саламын деген нақты мақсаты болады. Қарабайыр тілмен айтқанда отбасына үй салып береді. Ал олар бірнеше отбасына арналған үй яғни тұрғын үй салғысы келеді. Ол үшін жерді пайдаланудың мақсатын өзгерту керек. Бірақ оны қалай істейді? Дұрыс, шенеуніктермен келіседі. Мысалы Антикордың болжамы бойынша, Ахмеджановпен Борис Чен келісім жүргізген. Ол урбанистика басқармасының басшысын екі жер учаскесінде бірнеше үй салуға рұқсат беріп, құжатқа қол қоюға келістіреді. Оның біреуі нақты қолдану мақсаты бар (ИЖС) жер, екіншісі шаруа қожалығы. Бірақ бірнеше үй салып, оны сатып жіберген. Мемлекетке 150 миллион теңге шығын келтірілген», - дейді журналист.

Козачковтың айтуынша, іс бойынша екінші эпизод басқа тұрғын үймен байланысты. Оның құжаттары да бірінші схемамен жасалып, мемлекетке 110 миллион теңге шығын келген.

«Ал үшінші эпизодта Арманжан Байтасов пайда болған. Бірнеше БАҚ-тың иесі құрылыспен де айналысатын болып шықты. Байтасов құрамына «Корпорация Арт-Медиа» ЖШС кіретін «Тан Медиа Групп» ЖШС-не иелік етеді. Ал Алматының орталық ауданында орналасқан River Park тұрғын үй кешенін салумен айналысқан компания атауы да сондай. Тұрғын үйдің сапасы нашар. Ол ауданда құрылыс онсыз да тығыз болғандықтан көп үй салуға болмайтын. Шенеуніктер де оны білетін, сонда да құжаттарын қабылдаған. Антикор құжаттарды рәсімдеу үшін пәтер түріндегі сыйақы берілген болуы мүмкін деп болжап отыр. Себебі бұл тұрғын үйден Ахмеджановтың күйеубаласы үйді ауыз толтырып айтатындай жеңілдікпен алған. 30 миллион теңгедей тұратын пәтер 9 миллионға сатылған», - дейді журналист.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow