Айтбек Амангелді марқұм Шерзаттың отбасына үш тегін қорғаушы тауып берді

Талғарда қаскөйлердің қолынан қаза тапқан бозбаланың отбасына тегін үш адвокат көмектесетін болды.

Қазан 9, 2024 - 09:45
Айтбек Амангелді марқұм Шерзаттың отбасына үш тегін қорғаушы тауып берді
фото: видеодан скриншот

Қара жамылған үйге адвокаттарды марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы тауып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz

"Біз Шерзаттың отбасына үш адвокат тауып бердік. Олар тегін көмектесуге келісті. Қазір тергеу жүріп жатыр. Адвокаттар орган өкілдерімен бірлесіп, жәбірленушілерден жауап алып жатыр.

Іс бойынша бірнеше сараптама тағайындалған. Жанжал кезінде марқұм баланың әкесі мен ағасы да зардап шеккен, – деді Айтбек Амангелді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow