Атырауда анасы мен баласы тірідей жанып кетті

Қараша 11, 2024 - 17:28
Атырауда анасы мен баласы тірідей жанып кетті
Фото: Pixabay.com

Түнде үйдің жанындағы қосалқы ғимараттан өрт шығып, соның салдарынан үйдің төбесі құлап түскен, деп хабарлайды Sadаqmedia.kz ақпарат порталы.

Сол себепті анасы мен ұлы шыға алмай қалған. Отбасының басқа мүшелері терезеден шығып үлгерген. Отағасы мен кішкентай немере қызы ауруханаға жеткізілген.

«06:30-да өрт толықтай сөндірілді. Өрт кезінде 66 жастағы анасы мен 35 жастағы ұлы қаза тапты. 58 жастағы отағасының екі қолы күйіп, 5 жастағы немере қызы түтіннен уланып, аудандық ауруханаға жатқызылды», - деді Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow