Антикор балық шаруашылығы комитетінің басшысының қамауға алынғанын растады
Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Балық шаруашылығы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нариман Жүнісовтің қамауға алынғаны туралы ақпараттарағанын жазған едік.
Балық шаруашылығы комитетінің басшысы қамауға алынды деген ақпарат рас болып шықты, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Балық шаруашылығы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нариман Жүнісовтің қамауға алынғаны туралы ақпарат шыққанын жазған едік.
Бұл туралы журналист әрі қоғам белсендісі Кирилл Павлов хабарлаған болатын.
«Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нариман Жүнісов пара алып жатып ұсталды деген ақпарат түсті», деп жазған ол өзінің Facebook пaрaқшaсындa.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, күдікті үйқамаққ алынған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Бекайдаров «Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасына және басқа адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», - деп мәлімдеді.
Антикордың мәліметінше, олар жалпы қамқорлығы үшін 2021-2024 жылдар кезеңінде шағын және орта бизнес өкілдерінен пара алып келген.
Тергеу соты күдіктіні электронды білезікті пайдалана отырып, үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берген. Ол кінәні толық мойындап, қазір тергеуге ықпал етіп жатыр.
Нариман Жүнісов 2007 жылдан Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінде түрлі лауазымды қызметтер атқарып келеді.
Сіздің реакцияңыз қандай?