Белгілі саясаткер Хасан Қасымбаевтың бизнесін тексеру керектігін айтты

Қараша 11, 2024 - 17:12
Белгілі саясаткер Хасан Қасымбаевтың бизнесін тексеру керектігін айтты
Фото: dalanews.kz

Сыбайластарымен бірге адам ұрлап, соққыға жықты делінетін Хасан Қасымбаевтың бизнесіне байланысты күмәнді факттер анықталды. Саясаткер Ермұхамет Ертісбаев пен азаматтық белсенді Жарқын Күрентаев Қасымбаевтың бетон зауыт ұстауында заңсыздық бар дейді. Бұл жөнінде Qaz365.kz. жазды.

«Хасан кәсіпкер ретінде тіркелген. Оның бетон зауыты бар. Осыдан кейін ең қызығы басталады», - дейді Ермұхамет Ертісбаев.

Күрентаевтің айтуынша, Талғар ауданы Кеңдала ауылдық округінде өте үлкен, массивті карьерлер бар. Онда ұсақ тас, құм – қатты пайдалы қазбалар қазылады.

«Менің қолымда Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің хаты бар. Онда «министрліктің жер қойнауын пайдаланушылар реестріне сәйкес, Алматы облысы Талғар ауданы Кеңдала ауылдық округі аумағында қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіру құқығы ешкімде жоқ» деп жазылған. Мұны министрлік жазып отыр. Ал біз Талғарда қаншама карьер барын білеміз. Соған қарамастан Хасан Қасымбаев мырзада бетон зауыт бар. Яғни, Талғар ауданында факт жағынан карьерлер бар. Министрлік ол жақта жоқ дейді. Ол сонда шикізатты қайдан алады?» - деп сұрады Жарқын Күрентаев.

Ермұхамет Ертісбаев ағасы әкімдікте жұмыс істеген ауданда Хасан Қасымбаевтың табысқа қалай кенелгенін құқық қорғау органдары тексеруі керек деп мәлімдеді.  

Айта кетейік, «Хуторлықтар» бандасының жетекшісі атанған Хасан Қасымбаев жақында қамауға алынған. Ол 2021 жылы болған адам ұрлау ісіне байланысты ұсталған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow