Ақтөбеде депутат шаруа қожалығына бөлінген 457 миллион теңге субсидияны жымқырған

Ол жоқ малға субсидия алған.

Сәуір 30, 2024 - 15:28
Сәуір 30, 2024 - 15:29
Ақтөбеде депутат шаруа қожалығына бөлінген 457 миллион теңге субсидияны жымқырған
фото: egemen.kz

Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша айыпталған экс-депутат 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жоқ малға субсидия алған.

№2 Ақтөбе қалалық сотында кәсіпкер әрі экс-депутат ісі қаралды. Іс материалына сүйенсек, сотталушы шаруа қожалығы атынан жем-шөпке субсидия алуға өтініш берген. Ал шын мәнінде ол көрсеткен мал мүлде болмаған.

Сондай-ақ «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 600 бас ірі қара мал сатып алуға берген несие қаражатын заңсыз алған. Бүгін осы іс бойынша сот үкімі шықты.

«Асылбек Нұргелдин Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша айыпты деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын өтеу орны қауіпсіздігі орташа түзету мекемесі деп белгіленсін. Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының арызы қанағаттандырылып, 67 248 900 теңге өндірілсін», - деді судья Сандуғаш Избагамбетова.  

Сонымен бірге «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның арызы Азаматтық сотта қаралады. Айта кетейік, экс-депутаттың қамауда отырғанына бір жылға жуық уақыт болды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow