Ақорда маңында ерекше мүсін пайда болды
Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, "Тазы" мүсіні биыл 20 ақпанында резиденция аумағында орнатылған, деп жазады Sadаqmedia.kz ақпарат порталы.
Халықаралық кинология федерациясы (FCI) Бас комитеті қазақ тазысын ("Kazakh Tazy") ресми түрде ит тұқымы деп әдепкі (алдын ала) тану туралы шешім қабылдады, Қазақстанға тазы тұқымының иесі деген мәртебе берілді
Аталған шешім – қазақы тазы тұқымын халықаралық деңгейде толық тану яғни мойындау алдындағы негізгі әрі соңғы кезең.
"Бүгін сіздердің елдеріңіз үшін де, біз үшін де тарихи күн. FCI Стандарттау жөніндегі комиссиясы мен FCI Ғылыми комиссиясы ұзақ рәсімдерден кейін Бас комитетке осы тұқымды тіркеуді ұсынды. Құттықтаймын! Алдағы уақытта сіздерді 10 жылға созылатын жұмыс күтіп тұр. Осы уақыт ішінде иттердің денсаулығына көптеген тест жасалып, жаңадан туған тазы күшіктерінің статистикасы жүргізіледі, бұл деректер FCI Ғылыми комиссиясы үшін қажет. Иттердің денсаулығы мен жай-күйі қазіргі таңда өте маңызды мәселелердің бірі. FCI Қазақстандағы тазы тұқымының жүйелі дамуын бақылап отырады", – деді FCI президенті Тамаш Яккель.
Естеріңізге сала кетейік, қазақы ит тұқымдарын сақтау, сондай-ақ оларды халықаралық деңгейде таныту мәселесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2022 жылдан бастап ҚР Президенті Іс басқармасының қарауына алынған болатын.
Сіздің реакцияңыз қандай?