Преьмер-министр Нұржан Нұржігітовке сенетінін айтты 

Қараша 23, 2023 - 15:10
Преьмер-министр Нұржан Нұржігітовке сенетінін айтты 
Сурет ашық дереккөзден алынды

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Нұржан Нұржігітовтың не үшін Су және ирригация министрі болып тағайындалғанын түсіндірді, деп хабарлайды sadaqmedia

Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер Үкімет басшысына Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Нұрлан Нұржігітовтің жаңа қызметі, яғни, Су ресурстары министрі ретіндегі қызметі туралы сұрады.

Айта кетейік, биыл Жамбыл облысында су тапшылығына байланысты 6 ауданда төтенше жағдай жарияланған болатын. Осы облысты басқарған азамат Нұржан Нұржігітовтің Су ресурстары министрі болып тағайындалғаны жұрт арасында әр түрлі түсінбеушілік тудырған еді. 

Әлихан Смайылов биыл Жамбыл облысында вигитациялық кезең қиын өткенін, алайда оған бұрынғы әкім емес, Талас пен Шудан келетін судың аз болуы себеп болғанын айтты.

«Сондықтан жергілікті атқарушы органдар осы судың аз болуына және оның салдарын азайтуға барынша жұмыс істеді. Солардың ұсыныстары бойынша біз Өңірлік апаттық бойынша төтенше жағдай жарияладық. Апаттан зардап шеккен фермерлерне біз республикалық бюджеттің резервінен қаражат бөліп, олардың шығындарын өтедік. Барлық атқарылған жұмыстың нәтижесінде жалпы жағдай бақылауда болды және салдардың кері әсері барынша азайды. Дегенмен өнімнің бір бөлігі өндірілді», – деді премьер. 

Журналистің «Нұржан Нұржігітов су преблемасын шеше ала ма? Оған өз басыңыз сенесіз бе?» деген қосымша сұрағына премьер-министр оң жауап қайтарды.

"Сенеміз. Сенбейтін болсақ, оны министр етіп тағайындаймыз ба? Әрине, сенеміз және ол қазір шет елдің өкілдерімен байланыс орнатқан. Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстандағы әріптестермен жұмыс істеп жатыр. Мысалы, сол Қырғызстан тарапымен Шу, Талас өзендерінің суын бөлу прициптері бойынша тиісті келісімдерге қол жеткізді. Енді қазір оған баға беру ерте деп ойлаймын, келесі суару кезеңінен өтсін, сол вигитациялық кезеңнің нәтижесі бойынша баға беруге болады. Қазір дайындық жұмыстарын жасап жатыр» деп жауап берді Смайылов. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow