Астанаға жылу қашан беріледі?

Қыркүйек 5, 2024 - 11:27
Қыркүйек 5, 2024 - 11:32
Астанаға жылу қашан беріледі?

Астана әкімдігінің баспасөз қызметі елордада жылыту маусымы қашан басталатынын айтты, - деп хабарлайды Sadaqmedia.kz.

"Астана мәслихатының шешімі бойынша бекітілген Астанада жылыту маусымын дайындау және өткізу қағидаларына сәйкес елордада жылыту маусымы, даладағы ауаның белгіленген орташа тәуліктік температурасы бес тәулік ішінде +10 градус Цельсий және одан төмен болғанда басталады", - делінген Астана әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Соңғы күндері елордада күн күрт суыды. Түнде термометр 5-7 градусқа дейін төмендеге.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow