Арыстанбек Мұхамедиұлы қымбат ғимаратынан айырылды

Бас прокуратура мемлекеттік мүлікті басқаружәне жекешелендіру саласында тексеру жүргізген.

Қыркүйек 5, 2024 - 12:29
Қыркүйек 5, 2024 - 12:30
Арыстанбек Мұхамедиұлы қымбат ғимаратынан айырылды
Фото: Exclusive.kz

Экс-министр Мұхамедиұлының 3,5 миллиард теңге болатын нысандары мемлекетке қайтарылмақ, - деп хабарлайды Sadаqmedia.kz ақпарат порталы.

Бас прокуратура мемлекеттік мүлікті басқаружәне жекешелендіру саласында тексеру жүргізген. Жекелеген жағдайларда мемлекеттік мүлікті сату заңға қайшы келетіні анықталды, сондықтан прокурорлар 4,8 миллиард теңгеден астам сомаға мүлікті мемлекет меншігіне қайтаруды қолға алған.

Олардың біреуін сот қанағаттандырды.

"Мысалы, 2019 жылы бұрынғы мәдениет министрі Мұхамедиұлымен үлестес жеке компанияның пайдасына 332 миллион теңгеге Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі өтіп кеткен. Алматы қаласында орналасқан кәсіпорын сатылғанға дейін 662 миллион теңгеге бағаланды", - делінген хабарламада.

Бұл ретте, мүліктік кешеннің нақты нарықтық құны 1,213 миллиард теңге болды, сомадағы айырмашылық кәсіпорынның ұзақ мерзімді активтерінің төмендеуінен көрінген.

Алматы прокуратурасының талап қоюы бойынша сот кәсіпорынды сатып алу-сату шартын жарамсыз деп таныды.

"Сонымен қатар, Астана мен Алматыда прокурорлардың талап қоюлары бойынша бұрынғы Мәдениет министрі Мұхамедиұлымен байланысты компанияларға бұрын сатылған 3,5 миллиард теңгеден астам сомаға тағы үш объектіні мемлекет меншігіне қайтару туралы сот талқылаулары жүріп жатыр".

Биыл 29 ақпанда Арыстанбек Мұхамедиұлы төрт бап бойынша 11 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. ол: 

"Алтын адамның шеруі" көрмесін өткізу кезінде ақша жымқырғаны жасағаны үшін;

лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану;

"Дипломат" қонақүйімен байланысты рейдерлік әрекеттері үшін;

пара беруге әрекет жасағаны үшін.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow