Батыс Қазақстан Медицина университетінің ректоры қамауға алынды - БАҚ

Қалиев 12 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.

Мамыр 29, 2024 - 15:32
Мамыр 29, 2024 - 15:39
Батыс Қазақстан Медицина университетінің ректоры қамауға алынды - БАҚ

28 мамырда облыстық «Антикор» жедел уәкілдері «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КЕАҚ басқарма төрағасы – ректор Әсет Қалиевті ұстап, үйінде тінту жүргізді деген хабар тарады.

ratel.kz сайтының жазуынша, Қалиев 12 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.

Облыстық Антикор мен облыстық прокуратура бұл мәселе бойынша әзірше нақты ақпарат тарата қойған жоқ.

Әсет Қалиев Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясын хирургия мамандығы бойынша бітірген. 1997 жылы университетті бітіргеннен кейін Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясының госпитальдық хирургия кафедрасында клиникалық ординатор болып еңбек жолын бастаған.

Қалиев 2022 жылдың қыркүйегінен бастап М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры қызметін атқарып келген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow