«Анасынан бата алдым»: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Саттархановтың шаңырағына барды

Тамыз 16, 2024 - 12:41
Тамыз 16, 2024 - 12:41
«Анасынан бата алдым»: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Саттархановтың шаңырағына барды
Скриншот: instagram.com/muhammedsabyr002

Қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың шаңырағына барып, анасынан бата алды, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы 20 жасында Олимп шыңын бағындырған марқұм Бекзат Саттархановтың үйіне барғаны туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазды. Ол Олимпиада чемпионының алтын жүлдесін тағып суретке түскен.

"2000 жылғы Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың шаңырағына келіп, анасынан бата алдық", - деп жазды Базарбайұлы.

Еске салайық, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Париж Олимпиадасында 63,5 кг салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан еді. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow