Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтеді

Қазақстандық кәсіпқой боксшылы арасындағы тұңғыш өтетін гран-при ASSYLTAS қоғамдық қорының қолдауымен қолдауымен өткелі отыр.

Мамыр 29, 2024 - 15:38
Мамыр 29, 2024 - 15:38
Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтеді

1 маусым күні Алматыда ASSYLTAS қоғамдық қорының қолдауымен кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық боксшылар Виктор Коточигов пен Мирас Ертанов 63,5kg салмақ дәрежесінде Golden Grand Prix аясында жартылай финалдық жекпе-жекке шығады. Бұл қазақстандық кәсіпқой боксшылы арасындағы тұңғыш өтетін гран-при. Болашақ жеңімпазы 3 000 000 тг иеленеді.

Сонымен қатар аса ауыр салмақта Нұрсұлтан Аманжолов, ағайынды боксшылар Санатәлі мен Саматәлі Төлтаевтар, ару боксшы Балаусa Мұздыман және ұлттық құрама өкілі Ертуған Зейнуллинов және өзге де талантты боксшылар рингте жұдырықтасады.

Бокс кешін жас промоутер Серік Ноян ұйымдастырады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow