Алматыдағы «Барахолка» базарындағы өрт ауыздықталды

Өртті сөндіруге ТЖМ Қазавиақұтқару су төгу құрылғысы бар тікұшақ жұмылдырылды.

Шілде 16, 2024 - 21:10
Шілде 16, 2024 - 21:11
Алматыдағы «Барахолка» базарындағы өрт ауыздықталды
Фото: Алматы облыстық ТЖД

Алматыдағы «Барахолка» базарын шарпыған жалын сағат 18:38–де оқшауланды. Тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ- деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Өртті сөндіруге ТЖМ Қазавиақұтқару су төгу құрылғысы бар тікұшақ жұмылдырылып, әуеден 6 рет өрт ошағына су төкті. Өрт алдын ала 1600 шаршы метр алаңда оқшауланды.

Қалалық ТЖД мәліметіне сәйкес, оқиға орнында от өшірілген. Алайда өрт сөндірушілер құрылымдар мен бөлшектерді қопару және су төгу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Еске салайық, бүгін сағат 17:30 шамасында «Мизам» базарындағы қоймада от тұтанған болатын. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow