Киелі Маңғыстауда ақ үкі пайда болды

Қазақстанда үкілердің 12 түрі кездеседі.

Наурыз 20, 2024 - 17:47
Наурыз 20, 2024 - 22:18
Киелі Маңғыстауда ақ үкі пайда болды
фото: М. Каратауов

Маңғыстауда ерекше ақ үкі пайда болды, деп хабарлады Lada.kz.

Маңғыстауда Тасорпа қорығының инспекторлары ақ үкіні суретке түсірді. "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің басшысы Мыңберген Қаратауовтың айтуынша, облыс фаунасының сирек кездесетін түрі алғаш рет көзге түскен.

"Бұл - сирек кездесетін, кей кезде қыстайтын құс. Орда мен Қамыс-Самар көлдерінен, Махамбет кентінен, Жайық бойымен, Маңғыстау, Солтүстік Арал маңы, Сырдария аңғары мен Тянь-Шаньның солтүстік бөктерінен қыстайды. Кейде Марқакөл көлінің маңында, Батыс Алтай тау бөктерінде және Зайсан ойпатында кездеседі. Құстарды сәуір-мамыр айының басында көруге болады. Наурызда пайда болғанына қуаныштымыз, мұны жақсы белгі деп санаймыз, өйткені қазір қасиетті Рамазан мен Наурызнама айы өтіп жатыр", - деді Мыңберген Қаратауов.

Қазақстанда үкілердің 12 түрі кездеседі, олардың 10-ы ұя салады. Үлкен үкі ақ түсті болады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow