«Көңіл қосқан басқа адамын шақырып алды»: балаларға арналған ертегі кітабында сұмдық дүниелер жазылған

Балаға бұл кісі туралы не түсіндіруге болады?

Шілде 9, 2024 - 17:18
Шілде 9, 2024 - 17:59
«Көңіл қосқан басқа адамын шақырып алды»: балаларға арналған ертегі кітабында сұмдық дүниелер жазылған
Фото: kaspi.kz

ТикТок әлеуметтік желісінде Альбина Абдибаева атты тіркелуші қазақша ертегі кітабына қатысты жаға ұстатар дүниелер жазылғанын айтты, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Альбина сіңілісіне ертегі оқымақ болып, «50 ертегі, 70 жұмбақ» атты кітапты қолына алса, балаларға арналған кітапта масқара жағдай жазылғанын көреді.

«Дәулет құс» деп аталатын ертегі: «Баяғыда бір шал болыпты» деп басталып кемпірі өлген шал басқа әйел алыпты, оның дәулет құсы болыпты деп өрбиді. Енді мынаған қараңыздар, әлгі шал алған екінші әйелдің «басқа жалған көңіл қосқан адамы болыпты». Шал сапарға кеткесін, әлгі жалған көңіл қосқан басқа адамын шалдың әйелі үйіне шақырып алады…». Не мынау? Балаларға арналған ертегіде «жалған көңіл қосқан кісі» не деп адасып жүр? Балаға бұл кісі туралы не түсіндіруге болады?», - дейді желі қолданушысы.

Аталмыш видео екі мыңға жуық пікір жинап үлгерген. 

"Бұл араб-парсы ертегісі. Балаларға оқуға болмайды", "Сонымен немен аяқталды?", "Жалған байы абьюзер екен", "Заманауи ертегі ме", "Нені насихаттап кетті мына ертегі?", "Кітап авторы оңбаған", деп оқырмандар ойы екіге бөлінді.

Бұл кітап «Ана тілі» баспасынан, О.Асқардың редакторлығымен жарыққа 2012 жылы шыққаны белгілі болды.

@abdibaevaalbina Ертегі???? #ертегі #жұмбақ ♬ оригинальный звук - Albina Abdibaeva

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow