Ақмола облысында АН-2 ұшағы апатқа ұшырады

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Шілде 22, 2024 - 09:05
Шілде 22, 2024 - 09:48
Ақмола облысында АН-2 ұшағы апатқа ұшырады
фото: ТЖМ

АН-2 ұшағы Ақмола облысында апатқа ұшырады, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

«Бүгін Державинск қаласынан 10 шақырым жерде АН-2 ұшағының өртенуі орын алды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Ұшқыш жанып жатқан техникадан өздігінен эвакуацияланды», - деді ТЖМ баспасөз қызметі.

Шақырылған сәттен бастап 8 минут ішінде ТЖМ құтқарушылары өртті оқшаулады. Қазіргі уақытта өрт сөндірілді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow