Алматы облысында мотоцикл жүргізушілерін қамшымен сабап кетті (ВИДЕО)

Жедел іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Шілде 15, 2024 - 14:27
Шілде 15, 2024 - 14:28
Алматы облысында мотоцикл жүргізушілерін қамшымен сабап кетті (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде Алматы облысының тауларында мотоциклшілерді мылтықпен қорқытып, қамшымен сабаған адамдардың бейнежазбасы тарады. 

Аталған жағдайға байланысты облыстық полиция департаменті түсініктеме берді. 

«14 шілде күні «Известковый» тауларында бейтаныс адамдар бір топ адамды ұрып-соққаны туралы шағым Қарасай аудандық полициясына келіп түсті. Жәбірленушілер сөзінше, бейтаныс адамдар оларды жануарларды үркітті деп айыптап, қамшымен сабаған және мылтықпен қорқытқан. 

Қазіргі уақытта бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КАСКЕЛЕН И КАРАСАЙСКИЙ РАЙОН (@kaskelenkz)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow