Қостанай облысында суға құлаған ұшақтың ВИДЕОСЫ жарияланды

Мамыр 4, 2024 - 09:50
Мамыр 4, 2024 - 10:12
Қостанай облысында суға құлаған ұшақтың ВИДЕОСЫ жарияланды

Бұған дейін Қостанай облысында "Навигатор" әуекомпаниясына тиесілі Ан-2 ұшағы суға құлағанын жазған едік.  Бүгін сол ұшақтың құлаған сәті бейнеленген видео жарияланды, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Бейнежазбадан ұшақтың қалай қатты екпінмен келіп төңкеріліп түскенін көруге болады.

Ан-2 ұшағы биіккке көтерілу сәтінде сәтсіздікке ұшырап, қатты екпінмен келіп суға құлаған. Артынша әуе кемесі төңкеріліп түседі. 
Оқиға сағат 16:10-ның шамасында болған. Арқалық – Ақсұңқар (Қостанай) бағытын бетке алған "Навигатор" әуекомпаниясының санитарлық Ан-2 ұшағы  ұшу барысында күрт төмендеп, су айдынына барып бір-ақ тоқтаған.  

Экипаж мүшелері мен жолаушылар ауруханаға жеткізілді, зардап шеккендер жоқ.  

"Әуе кемесінің бортында екі экипаж мүшесі және үш қызметтік жолаушы болды. Барлық жолаушылар мен экипаж мүшелері Қостанай облысы бойынша ТЖД-ны Арқалық қалалық ауруханасына жеткізілді. Алдын ала ақпарат бойынша, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", – деп жазды министрліктің баспасөз қызметі.
Оқиға орнына көліктегі оқиғалар мен оқиғаларды тергеу департаментінің қызметкерлері жетті.  

"Бұл авиациялық оқиға болғандықтан оны азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган тексеруі тиіс.Оқиғаны тергеуге арнайы комиссия құрылды. Оқиғаның себебі мен мән – жайлары анықталып жатыр,”- делінген хабарламада. 

 

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow