«10 алқабидің алтауы «кінәлі емес» десе, босап шығады» - заңгер Бишімбаевтың ісі туралы айтты

Олар сотталушының кінәлі, кінәлі емес екеніне дауыс береді.

Наурыз 14, 2024 - 10:17
Наурыз 14, 2024 - 09:35
«10 алқабидің алтауы «кінәлі емес» десе, босап шығады» - заңгер Бишімбаевтың ісі туралы айтты
Коллаж: Azattyq Ruhy

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан атышулы «Бишімбаев ісінің» алқабилер сотының қарауына берілгеніне байланысты журналистердің сұрағына жауап берді, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Журналистер депутатқа Мәжіліс кулуарында «қоғам тарапынан сотталушыға жеңіл жаза қолданылуы мүмкін деген күдік бар, алқабилер соты Бишімбаев ісінде қаншалықты әділ шешім қабылдай алады?», - деген сұрақ қойды. Абзал Құспан алаңдауға еш негіз жоқ екенін жеткізді.

«Алқабилер – осы қоғамның өкілдері. Ол жерде бір кәсіби судья және алқабилер болады. Сұрағыңыздың өзегінде қандай да бір сыбайлас жемқорлыққа жол беріліп кетпей ме, сатып алмай ма деген қауіп барын көріп тұрмын. Өзіңіз айтыңызшы, адамды сатып алған оңай ма, әлде он адамды сатып алу оңай ма? Біз бір судьяға сенбейтін болсақ, алқабилерге де сенбейтін болсақ, шешімді кім шығаруы керек», - деді депутат.

Абзал Құспан алқабилер сотының өту процесін айтты.

«Қазіргі қолданыстағы Қылмыстық кодекс бойынша, қылмыстық істі қарау аяқталған соң залда судья мен алқабилер қалады. Олар сотталушының кінәлі, кінәлі емес екеніне дауыс береді, он алқабидің алтысы «кінәлі емес» десе, сотталушы босап шығады», - деді ол.

Сонымен қатар ол істі алқабилер сотында қарау туралы өтінішті тек сотталушы бере алатынын айтты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow