Әйелін пышақтаған жігітті ұстаған полицейлерге қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр

Әйелдің аяғы ауыр екені белгілі болды.

Шілде 15, 2024 - 12:52
Шілде 15, 2024 - 14:21
Әйелін пышақтаған жігітті ұстаған полицейлерге қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр
фото: tenginews.kz

Полиция қызметкерлерінің іс-әрекетіне қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, Маңғыстауда Мұнайлы ауданында күйеуі әйелін көшеде тұрғындардың көз алдында пышақтап тастаған еді. Салдарынан 24 жастағы әйел ауыр дене жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер науқасқа шұғыл ота жасап, аман алып қалды. Әйелдің аяғы ауыр екені белгілі болды.

Осы оқиға бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, күдіктіні қамауға алды. Сондай-ақ, күдіктіні ұстауға қатысқан ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қатысты да тергеу жүріп жатыр.

— Жұбайына пышақ салу дерегі бойынша күдікті ұсталып, уақытша қамау изоляторына қамауға алынды. Кісі өлтіруге оқталу дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Жәбірленуші медициналық мекемде. Қазіргі таңда оның жағдайы тұрақты. Полиция қызметкерлерінің іс әрекеттеріне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Нәтижесіне қарай Құқықтық баға берілетін болады. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді, — дейді Маңғыстау облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Ілияс Жұмағұлов.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow