Алматыда қоқыс арасынан жаңа туған сәбидің денесі табылды

Полиция қылмыстық іс қозғады.

Шілде 15, 2024 - 14:35
Шілде 15, 2024 - 14:36
Алматыда қоқыс арасынан жаңа туған сәбидің денесі табылды
фото: Ақжайық

Оқиға 14 шілдеде "Green Recycle" ЖШС зауытында қалдықтарды сұрыптау кезінде болған, деп хабарлады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Сәбидің денесін кәсіпорын жұмысшылары конвейер желісінен тауып алған. Сәби қоқыс дорбасына оралған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция қылмыстық іс қозғады.

«Баланың анасының жеке басы және басқа жағдайлар анықталады. Сараптама тағайындалды», - деп жауап берді Алматы ПД.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow