Ұлытауда екі шенеунік қамауға алынды
Ұлытау облысында бір мезетте екі шенеунік қамауға алынды, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қуат Имантусуповты екі айға қамауға алды. Оған бюджет қаражатын жымқырды деген күдік ілінді.
Сондай-ақ Білім басқармасының басшысы Сапура Түлековаға үйқамаққа алу санкциясы қолданылған. Ол өз қызметкерлеріне заңсыз сыйақы тағайындады деген күдікке ілінген.
«Антикор және ДЭР департаменттерінен қамауға алу туралы қаулылар келіп түсті. Осыған байланысты аталған тұлғалар өз қызметтерінен шеттетілді», — деп хабарлады дереккөз.
Сіздің реакцияңыз қандай?