Су тасқыны: Жайықтың суы сегіз метрге көтерілді
Сол секілді Құлсары қаласындағы жағдай да әлі қиын. Әлі де 300-ден астам жеке тұрғын үй су астында қалып отыр.
Атырау облысындағы тасқын су қаупі әлі де күрделі болып отыр. Жайық өзеніндегі су деңгейі күннен-күнге көтеріліп келеді. Облыстық ТЖ жөніндегі жедел штабтың мәліметінше, Жайықтың суы тасқын басталғаннан бері сегіз метр көтерілген, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
«Атырау облысының Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей өзгерді:
Жайық өзені – Индербор кентіндегі су бекетіндегі деңгейі 750 см., деңгейдің +32 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 527 см құрайды.
Жайық өзені-Махамбет кенті 795 см деңгейінде, тәулігіне + 16см деңгейдің көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 478 см құрайды.
Жайық өзені - Атырау қ. гидропостындағы су деңгейі 459 см., тәулігіне деңгейдің көтерілуі + 8см. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 268 см құрайды.
Мамандардың айтуынша, су деңгейінің көтерілуі күтілуде», - делінген ТЖ жөніндегі жедел штабтың хабарламасында.
Қазіргі уақытта Атырау облысында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 13 мыңнан астам адам және 1200-ден астам техника жұмылдырылған. Өңірде 500 км-ден астам бөгет салынды, оның ішінде Атырау қаласындағы тұрғын алаптарының бойында 242 км, 4,8 млн-нан астам қапшықтар пайдаланылды. Өзен сағасында, Каспий теңізінде тереңдету жұмыстары жалғасуда.
Сол секілді Құлсары қаласындағы жағдай да әлі қиын. Әлі де 300-ден астам жеке тұрғын үй су астында қалып отыр.
Құлсарыда су тасқыны болған сәттен бастап ТЖМ құтқарушылар күшімен 2564 үйден су сорылып шығарылды.
Жұмыс тәулік бойы жалғасып жатыр.
Қазірдің өзінде 3 миллион текше метрден астам су сорылды.
Сіздің реакцияңыз қандай?