Ақтүтек боран: Астанадан шығатын жолдар жабылып, қалааралық автобустар тоқтап жатыр
![Ақтүтек боран: Астанадан шығатын жолдар жабылып, қалааралық автобустар тоқтап жатыр](https://sadaqmedia.kz/uploads/images/202402/image_870x_65cc3a2e999ce.jpg)
Астанадан шығатын екі жол жабылып, қала маңына қатынайтын автобустар жүрмей қалды.
Таңғы 6:00 кезінде қалалық төтенше жағдай департаменті «Астана-Ерейментау-Шідерті» тасжолының 16-200 шақырым аралығы, Астанадан Павлодар облысы шекарасына дейін жабылғанын хабарлады.
Сонымен бірге «Астана-Петропавл» жолының 18-232 шақырым аралығында да қозғалысқа тыйым алынған. Ол — Астанадан Щучье қаласына апаратын жол.
Оған себеп — күшті жел, боран, жолда 50 метрге дейін ештеңе көрінбейді.
Осыған байланысты City Transportation Systems компаниясы таңғы 07:00 бастап қала маңына қатынайтын № 305, 309, 312, 315, 316, 317, 327, 329 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтайтынын мәлімдеді.
Қала маңына жүретін өзге маршруттар линияда.
Еске сала кетейік, бүгін елордалық 0-4 сынып оқушылары үйден оқып жатыр.
inform.kz
Сіздің реакцияңыз қандай?
![like](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/like.png)
![dislike](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/dislike.png)
![love](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/love.png)
![funny](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/funny.png)
![angry](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/angry.png)
![sad](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/sad.png)
![wow](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/wow.png)