Қаржы министрі жалақысы қанша екенін айтты
6 ақпанда Мәди Тәкиев Қаржы министрі болып тағайындалған еді.
Қаржы министрі Мәди Такиев жалақысы қанша екенін айтты. "Мен жалақымның қанша екенін білдім. Бізде барлық мемлекеттік қызметкерлер үшін бірыңғай сетка бар. Сондықтан мен осы сетка бойынша жалақы алатын боламын.
Сіздің сұрағыңыз бойынша 1 млн теңгеден асады, шамамен 1,5 млн теңге аламын. Мұнда менің еңбек өтілім ескеріледі", - деді Мәди Такиев Мәжілістің жалпы отырысынан соң.
Еске салайық, 6 ақпанда Мәди Тәкиев Қаржы министрі болып тағайындалған еді.
Бұған дейін ол 2023 жылғы наурыздан бастап – VII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты,
ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы,
ҚР Парламенті Мәжілісіндегі "AMANAT" партиясы фракциясының мүшесі болған еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?