Ақ үй Ресей уранына санкция салуды қарастырып жатыр

Ресей АҚШ-қа уран сатып, жылына шамамен бір миллиард доллар табады.

Сәуір 30, 2024 - 14:56
Ақ үй Ресей уранына санкция салуды қарастырып жатыр
ua.depositphotos.com

АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі Ресейде байытылған уранды импорттауға тыйым салуды қарастырып жатыр. Бұл туралы дереккөздерге сүйенген Bloomberg агенттігі хабарлады, деп жазады Азаттық. 

Агенттіктің жазуынша, осыған ұқсас жоба сенат қарауында "тоқтап қалған". 2023 жылы желтоқсанда жобаны АҚШ өкілдер палатасы қабылдағанымен, сенат оны әлі мақұлдамады.

Президент әкімшілігі уран импортына тыйым салуға атқарушы билікті пайдалана алады. Bloomberg мәліметінше, Ақ үй мен атом өнеркәсібінің өкілдері конгресс бұл тыйымды заң жобасын қабылдап енгізсе екен дейді, өйткені сол кезде одан бас тарту қиынырақ болады.

Ресей АҚШ-қа уран сатып, жылына шамамен бір миллиард доллар табады. Ақ үй Ресейдің уран көздеріне тәуелді болу "АҚШ экономикасына қауіп төндіреді" деп мәлімдеді. Bloomberg жазуынша, уран жеткізетін елді ауыстыру қиын болуы мүмкін, тағы уран құны 20 пайыз өседі деген пікір бар.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow