Путин қайтыс болды

Ресейлік БАҚ құралдарының жазуынша, ол 10 наурыз күні өмірден өткен. Алайда қайда жерленгені белгісіз.

Наурыз 13, 2024 - 11:44
Наурыз 13, 2024 - 11:46
Путин қайтыс болды

Ресей президенті Владимир Путиннің немере ағасы Евгений Путин қайтыс болды, деп хабарлайды IvanovoNews агенттігі.

Путиннің ағасы 90 жасқа келгенде көз жұмды. Ресейлік БАҚ құралдарының жазуынша, ол 10 наурыз күні өмірден өткен. Алайда нақты қайда жерленгені белгісіз.
Евгений Путин - ауыл шаруашылығы саласында түрлі қызметтер атқарып, кеңшар директоры да болды.

Ресей президенті Владимир Путиннің немере ағасы Евгений Путиннің ұлы мен қызы бизнес пен саясатта айтарлықтай табысқа жеткен.

Евгений Путиннің ұлы «Газпром» басқарма төрағасының орынбасары. Ал қызы Елена Кемерово облысының губернаторы Сергей Цивилевке тұрмысқа шығып, Ресейдегі ең ірі көмір компанияларының біріне иелік етеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow