«Крещениеде «Аллаһу Акбар» деп суға түсу дұрыс емес» – дінтанушы

«Крещение» – христиандардың діни мерекесінде «Аллаһу Акбар» деп шоқынып алып, суға түсу дұрыс емес, деп хабарлайды sadaqmedia.kz сайты Kazislam.kz сілтеме жасап.

Қаңтар 20, 2024 - 10:35
Қаңтар 22, 2024 - 11:37
«Крещениеде «Аллаһу Акбар» деп суға түсу дұрыс емес» – дінтанушы

Жыл сайын қаңтар айының ортасынан бастап қоғамда христиандардың шоқыну мерекесі қарсаңында суық суға түсу мәселесі қызу талқылана бастайды.

Қазір  бұл мерекеде орыстардан қарағанда «шоқынған суға» түсіп жатқан қазақтарды көру үйреншікті жағдайға айналып бара жатыр. Десе де әр ұлттың, діннің өзіндік ерекшеліктері болады. Оны елемей, қаншама қара көзді бауырларымыз қақаған қыста тазарамыз деп шомылып жүр. Осы мәселеге байланысты дін саласындағы мамандар өз пікірлерін білдірді.

Еліміздегі белгілі дінтанушы Балғабек Мырзаев мұсылман азаматтардың осы күні суға түсуі қаншалықты орынды деген сауалға жауап берді. 

– Негізінде «Крещение» – христиандардың діни мерекесі. Сондықтан христиан дінін ұстанушылар үшін өздерінің діни мерекесін атап өтулері әдеттегі жағдай. Осы күнді мұсылман бауырларымыздың ішінен діни мереке емес, жай ғана суға шомылу деп түсінеді.

Әрине, Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет және әркімнің дін ұстанымына еркіндік берілген. Елімізде тіркелген барлық діни бірлестіктерге діни наным сенімдерін орындауларына заңнамамен реттелген құқықтар мен еркіндіктер берілген. Оған ешкімнің дауы жоқ. Мәселен «Аллаһу Акбар» деп шоқынып алып, суға секіріп жатқандар да бар. Өз басым бұны дінді ойыншыққа айналдыру деп санаймын. Дін –  өте нәзік сезім және оны ойынға айналдыруға болмайды, – дейді дінтанушы.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Кімде-кім қайбір қауымға ұқсаса, ол сол қауымнан» деген. Міне, сондықтан мұсылман адамның ондай іс-шараларға қатыспағаны дұрыс. Кейбір адамдар «Бұл діни рәсімге менің ешқандай қатысым жоқ. Мен бұл жерге тек денсаулығымды жақсарту ниетімен барамын» дейді. Әрине, ислам діні әрбір адамға денсаулығына қарауға және емделуге бұйырады. Бірақ мұндай іс-шараға дәл осы күні емес, басқа күні барғаны дұрыс. Алла Тағала баршамызды тура жолға бастасын имамымызды кәміл етсін, – Хасан Аманқұл.

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow