79 жастағы қария банкрот деп танылды
Өткен жылдан бастап Қазақстан азаматтарына өзін банкрот деп жариялауға заңды рұқсат берілді.
2023 жылы 8,3 мың қазақстандық «банкрот» статусын алды. Бұл туралы Бірінші кредит бюросынан мәлім етті.
«2023 жылы наурызда жеке тұлғалардан сотсыз банкрот деп жариялауға өтініш қабылдана бастады. Жыл соңына дейін 77 мың өтініш түскен, оның ішінде 62 мың өтініш кері қайтарылды. 8,3 мың қазақстандық банкрот статусын алды. Қарыздың негізгі көрсеткіш сомасы — 962 мың теңге, орташа сома — 1,6 млн теңге, минималды сома — 2978 теңге» делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 2023 жылы 3 наурызда елімізде банкроттыққа өтінім қабылдау басталды.
Өткен жылы қазандағы жағдай бойынша банкрот деп танылғандар арасында 79 жастағы қария болған.
Сіздің реакцияңыз қандай?