Аңшыларға ақбөкен атуға рұқсат берілуі мүмкін
Бұған дейін елімізде 10 ақпаннан бастап киік атуға тағы тыйым салынған еді.
15 наурызда Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің профессор-оқытушылар құрамымен және Бөкейорда, Жаңғалы, Жәнібек, Ақжайық және Казталов аудандары шаруа қожалықтарының өкілдерімен жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлады Halyq Uni.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесуде фермерлер ақбөкендердің санын реттеу бойынша қатаң шаралар қабылдауды талап еткен.
Фермерлер ақбөкендердің егінге келтірген зиянына, шөптерді таптауына, топырақ эрозиясына, кораль және түн мезгілінде ату әдістерін қолдануға толығырақ тоқталды. Пікірталас барысында олар келтірілген шығындарды есептеу әдістемесін қарастыруды, ауланған сәттен бастап сауда нүктелерінде сатылғанға дейін бүкіл процесті жалғастыруды ұсынды, – делінген хабарламада.
Министрдің айтуынша, киік санын реттеу көлемінің төмен болуы киіктерді аулау тәжірибесінің жоқтығы (25 жылдан астам жүргізілмеген), ауа райының қолайсыздығы, сондай-ақ ет комбинаттарының жеткілікті өңдеу қуаттарының болмауы әсер еткен.
Кеңес қорытындысы бойынша фермерлер ғылыми бионегіздемені ескере отырып, ақбөкендерге әуесқойлық аң аулауды енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Еске сала кетсек, бұған дейін елімізде 10 ақпаннан бастап киік атуға тағы тыйым салынған болатын. 2023 жылғы мамырдағы дерек бойынша, Қазақстанда киік саны 1,9 миллионға жеткен.
Сіздің реакцияңыз қандай?