Боранға байланысты үш өңірде жол жабылды
ҚазАвтоЖол үш өңірде жол жабылғанын хабарлады.
Үш облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде автокөліктің барлық түріне жүруге тыйым салынды. шектеу енгізілді.
Атырау облысында — 1 учаске
«Ақтөбе-Атырау-Астрахан» жолының 616-833 км, Атырау қаласы — Жұмекен ауылы арасы.
Жетісу облысында — 1 учаске
«Үшарал-Достық» жолының 84-184 км, Көктұма мен Достық стансасы арасы, 100 км.
Батыс Қазақстан облысында — 3 учаске
«Атырау-Орал» 375-492 жолының км, Чапаев кенті — Орал қаласы арасы, 117 км.
«Чапаев-Жалпақтал-Қазталов» жолының 0-213 км, Чапаев кенті — Қазталов кенті арасы, 213 км.
«Атырау-Орал» жолының 189-371 км, Атырау облысы шекарасы — Чапаев кенті арасы, 182 км.
Жолды жабуға жел, боран, шектеулі көрініс, нөлден төмен температурадағы жаңбыр себеп болған.
Сіздің реакцияңыз қандай?