«Казахтарға не жорық!»: Белгілі журналист Тина Канделакиге қолдау білдірді
Журналист Айдос Жұқанұлы ресейлік журналист Тина Канделакиді қолдайтынын айтты.
Бұл туралы ол фейсбук парақшасына жазды, деп хабарлайды sadaqmedia.kz сайты.
“Тина Канделакиді қолдаймын. Оны түсінемін.
Ол сөйлескен, көзімен көрген казахтардың бәрі ресейтілді. Сондықтан да оның түсінігінде біздің бурят пен тывадан айырмамыз жоқ. Өзі де сондай. Адам қай тілде сөйлесе, ойласа, түс көрсе, сол ұлт болып есептеледі. Тина ғана емес, шетелдіктердің бәрі бізді орыс деп ойлайды. Өйткені біздікілер шетелге барғанда орысша мықты білетіндігін көрсеткісі келіп тұрады. Малаховтың, Якубовичтің шоуына барып көрінгенді мақтан көреді. Ол видеоның астына казахтар "Казахи рулит! Мы молодцы" деп кеуделерін ұрып, коммент жазады.
Енді олар Узеньді Жаңаөзен деп атаса, Тина таңғалмай қайтеді?! "Мына буряттардың, ой, казахтардың есі дұрыс па, ресейтілді емес пе, өзіміздің орыс еді ғой! Демек бұларды бізге қарсы қою үшін АҚШ арандатып отыр!" деген ойға қалады.
Тина және сол секілді ресейліктер латыштарға, эстондарға, өзбектерге таңғалмайды. Оларды латыш, эстон, өзбек деп есептейді. Себебі олар өз тілінде сөйлейді. Ал бурят, тыва мен казахтарға не жорық!”, деп жазды журналист.
Сіздің реакцияңыз қандай?