Атырауда аудандық сотының судьясы пара алып жатқан кезінде ұсталды
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Судья 2,5 миллион теңге алып жатқан жерінде парамен ұсталды, деп хабарлайды sadaqmedia.kz.
“2024 жылдың 15 қаңтарында облыс бойынша Ұлттық қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері Сот әкімшілігінің ішкі қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп, судьяны 2,5 миллион теңге алып жатқан жерінде парамен ұстады, күдіктіге ешқандай процессуалдық мәжбүрлеу қолданылмаған. Қазіргі уақытта екі ведомствоның бірлескен іс-қимылдары арқылы сотқа дейінгі тергеу жалғасуда”, - делінген Жоғарғы соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сіздің реакцияңыз қандай?