Бір топ адам қолдан ішімдік жасап, екі облыста сатып келген
Қылмыстық әрекет кезеңінде ақша айналымы 350 млн теңгеден асты.
Қаржылық мониторинг агенттігі Ақмола облысы аумағында жалған есепке алу-бақылау маркасын пайдалана отырып, суррогатты алкоголь өнімін заңсыз өндіру фактісін тоқтатты.
Степногор қаласының тұрғынының басшылығымен 6 адамнан тұратын Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының аумағында суррогат алкоголь өнімдерін сатқан бір топ адам әшкереленді.
20 мыңнан астам дайын өнім бөтелкелері және 100 мыңнан астам бос бөтелке, құрамында спирті бар сұйықтық, спирт, жалған есепке алу-бақылау маркалары тәркіленді.
Қылмыстық әрекет кезеңінде ақша айналымы 350 млн теңгеден асты. Сот үкімімен іс бойынша айыпталушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылды, қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастырған 4,6 млн теңге көлеміндегі қаражат мемлекет кірісіне тәркіленді.
Сіздің реакцияңыз қандай?