Шымкентте бір көше бойында орналасқан бірнеше дүкен жанып кетті
Құрылыс материалын сататын дүкен қоймаларындағы көптеген заттар өртке оранды.
![Шымкентте бір көше бойында орналасқан бірнеше дүкен жанып кетті](https://sadaqmedia.kz/uploads/images/202401/image_870x_65a763d36c2c7.jpg)
![өрт өрт](https://img.inform.kz/kazinform-photobank/media/2024-01-17/a1a246b9-3f43-4bd1-9bbd-365c632094c4.jpeg)
Өртті сөндіру жұмыстарына Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің 200–ге жуық жеке құрам қызметкері мен 38 техникасы жұмылдырылды.
«Өрт түнгі сағат 03:07 минутта оқшауланып, сағат 04:51 минутта толығымен сөндірілді. Жалпы көлемі 2500 шаршы метрді құрайтын ғимараттың 1300 шаршы метрі өртенді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.
Сіздің реакцияңыз қандай?
![like](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/like.png)
![dislike](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/dislike.png)
![love](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/love.png)
![funny](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/funny.png)
![angry](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/angry.png)
![sad](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/sad.png)
![wow](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/wow.png)