Ұялы байланыс операторларына 3 млрд теңгеден астам айыппұл салынды

2022 жылы министрлік жүргізген тексерістер саны 2 есе (1 175) өсті.

Қаңтар 15, 2024 - 14:47
Ұялы байланыс операторларына 3 млрд теңгеден астам айыппұл салынды
Caravan.kz

Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына 2023 жылдың қорытындысы бойынша байланыс қызметтерін сапасыз көрсеткені ірі көлемде айыппұл салынды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлауынша, 2023 жылы ведомство 782 тексеру жүргізіп, 3 млрд 288 млн теңге көлемінде айыппұл салған, деп хабарлайды sadaqmedia.kz

Бюджетке заңнамада көзделген жеңілдікті ескере отырып, 1 млрд 644 млн теңге төленді, – делінген хабарламада.

Оның ішінде операторлар бойынша:

  • Tele2 – 751,4 млн теңге;
  • Kcell – 563,2 млн теңге;
  • Beeline 329,4 млн теңге төлеген.

Сондай-ақ министрлік 2020-2022 жылдар аралығында сапасыз байланыс үшін тексеру жүргізу және айыппұл салу статистикасын ұсынды. Статистика бойынша, 2020 жылы министрлік 93 тексеру жүргізіп, 47,8 млн теңге көлемінде айыппұл салған.

2021 жылы жүргізілген тексерулер саны едәуір өскенін байқауға болады. Жүргізілген 562 тексеру аясында жалпы сомасы 264 млн теңгеге айыппұл салынған. 2022 жылы министрлік жүргізген тексерістер саны 2 есе (1 175) өсті. Нәтижесінде ұялы байланыс операторларына 1,6 млрд теңге сомасына айыппұл салынған.

Тексерулер жүргізу және айыппұлдарды ұлғайту операторлардың көрсетілетін қызметтердің сапасы үшін жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік берді. Мәселен, 2019-2022 жылдар аралығында айыппұлдар өскенге дейінгі кезеңде операторлар ұйғарымдардың тек 33 пайызын орындады. Айыппұлдарды арттыру бойынша жұмыстар жүргізілгеннен кейін, 2023 жылы операторлар нұсқамалардың 65 пайызын орындады, - деді ведомство өкілдері.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow