Өтірік уағыз өткізіп, соған ақша алған имам 6 млн теңге айыппұлмен құтылды

Желтоқсан 26, 2023 - 14:56
Өтірік уағыз өткізіп, соған ақша алған имам 6 млн теңге айыппұлмен құтылды
Фото: Бауыржан Ниет

Алматы облыс әкімдігінің дін істері басқармасының бұрынғы басшысы Бауыржан Ниетке 6 млн 217 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды sadaqmedia журналист Михаил Козачковқа сілтеме жасай отырып.

Естеріңізге сала кетейік, биыл қыркүйек айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Алматы облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасына басшы болған имам-хатиб, исламтанушы, араб тілінің ұстазы Бауыржан Ниетті қолға түсірген болатын. Қылмыстық істің материалына сенсек, ол қол астындағы қызметкерлерін жалған іс-сапарларға жіберіп, жолақысына бөлінген қаражатты өз қалтасына басып отырған.

«Сонымен қатар, ол қол астындағы қызметкердің бірін өтірік діни уағыз өткізуге көндіріп, оның гонорарын да қалтасына басқан. Осы арам әрекеттерінің арқасында Бауыржан Ниет 620 мың теңгеден астам ақша тапқан. Ақшаның жартысын қолма-қол алса, жартысын банкет үшін алдыңғы жарна ретінде алған», - деп жазады журналист.

Бауыржан Ниет кінәсін толық мойындап, жасаған әрекеттеріне өкінген және мемлекетке келтірген залалын төлеген. Сот осыларды ескере отырып, оған 6 млн 217 мың теңге айыппұл салған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow