Көкшетауда айы-күні жақындаған 34 жастағы жүкті әйел қатты тұмау тиіп, қаза тапты

Желтоқсан 25, 2023 - 09:44
Желтоқсан 26, 2023 - 14:39
Көкшетауда айы-күні жақындаған 34 жастағы жүкті әйел қатты тұмау тиіп, қаза тапты
Сурет ашық дереккөзден алынды

Ақмола облысы Көкшетау қаласында  34 жастағы жүкті әйел қызуы көтеріліп, іші ауырып, артыншà қаза тапты, деп хабарлайды sadaqmedia.

Бұл туралы әлеуметтік желідегі 716.kz парақшасында хабарланған. Дереккөзге сүйенсек, қаза тапқан әйелдің айы-күні жақындап отырған.

«Өте қайғылы жағдай, бірақ, айтпасқа болмайды. Көкшетауда айы-күні жақындап отырған жүкті әйел қаза тапты. Жасы 34-те, артында екі баласы қалды. Әйелдің дене қызуы көтеріліп, іші ауырған. Бірнеше рет жедел-жәрдем шақырған», - деп жазды паблик.

Ал, Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сүйенсек, әйел 23 желтоқсан күні таңғы 05:00-де қайтыс болған.

«Алдын ала болжам бойынша, әйел өкпе эмболиясына (өкпедегі артериялардың бітелуінде пайда болатын ауру) және тұмаудың ауыр түріне шалдыққан. Өлімнің нақты себебі тергеу және сот-медициналық сараптамасының қорытындысынан кейін айтылады», - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow