АҚШ дипломаты 9 айда үйренген тілді министр неге меңгере алмай келеді?

Желтоқсан 12, 2023 - 18:45
АҚШ дипломаты 9 айда үйренген тілді министр неге меңгере алмай келеді?
Сурет ашық дереккөзден алынды

Үкімет отырысынан соң журналистердің сұрағына жауап берген Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қазақ тілін неге үйренбей келе жатқанын түсіндіре алмады, деп хабарлайды  sadaqmedia.

Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында журналист «АҚШ дипломаты қазақ тілін 9 айда үйренді. Шетелдік дипломат үйренген ана тіліңізді  сіз неге үйрене алмай жүрсіз?» деген сұрақ қойды.

Еске сала кетейік, Алмасадам Сәтқалиев мемлекеттік тілді үйренемін деп уәде еткеніне он айға жуықтады. Соған қарамастан, журналистің сұрағына толыққанды жауап бере алмай, қысқа қайырды.

«Сұрағыңызға рахмет! Үйренеміз», - деп қысқа қайырды Сәтқалиев.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын «Хабар» телеарнасындағы «Оян» таңғы бағдарламасына қонаққа келген Қазақстандағы АҚШ елшілігінің мәдениет және білім беру жөніндегі атташесі Колин Гард қазақ тілін 9 айда меңгеріп алғанын айтқан еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow