«Құранды ғана оқи бермей, сейсмология деген ғылымға да көңіл бөлсең…»: Ахметбек Нұрсила Бекболат Тілеуханға жауап берді

Маусым 5, 2024 - 11:13
Маусым 5, 2024 - 11:16
«Құранды ғана оқи бермей, сейсмология деген ғылымға да көңіл бөлсең…»: Ахметбек Нұрсила Бекболат Тілеуханға жауап берді

Кәсіпкер Ахметбек Нұрсила «Тәңіршілдердің құрылтайшысы» туралы айтқан Бекболат Тілеуханға жауап берді.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

«Бекболат бауырыма бірер сұрақ:
1. Құдай қазаққа өш пе? Неге Швеция, Норвегия, Финляндия, Мальту және Барбадос елдерінде ешқашан жерді сілкімейді, ал Қазақстандағы жерді сілкиді?

2. Құдай неге Алматыға өшігіп алған? Неге Солтүстік облыстарда жерді сілкімейді? Егер Тәңіршілдер өз құрылтайын Астанада не Көшетауда жасаса не болар еді? Сол жерді сілкиді ме, жоқ бәрібір сол Алматыға кәрін төге бере ме?

Жалпы Бекболат көзі ашық, көп оқыған адамсың ғой, жердің сілкінісі жайлы ғылым не дейді екен? Ғылымды оқыған адамдардың жазғанын бір шолып шықсаң. Дінде де «Оқы, оқы және оқы» деген ғой. Тек құранды ғана оқи бермей география, сейсмология деген ғылымға да бірауық уақыт бөліп, содан кейін пікіріңді тағы бір жазып шықсаң», — деп жазды Ахметбек Нұрсила.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow