Алматының бас шыршасы Тәуелсіздік күнінен кейін жанады
Алматы қаласының бас шыршасы желтоқсан айының ортасынан кейін жанады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингде қала әкімінің орынбасары Арман Қырықбай мәлім етті, деп хабарлайды sadaqmedia.
Айта кетейік, Қырықбайдың мәліметіне сүйенсек, қаладағы ең үлкен шырша Абай алаңына қойылады. Шыршаны жағу рәсімі 20 желтоқсанда өтеді.
«Жаңа жыл мерекесіне орай қалада 60-дан астам шырша қойылады. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін түрлі тақырыпағы іс-шаралар, фестивальдер, жас суретшілердің көрмелері, концерттер мен үздік жаңа жылдық бейнероликке қатысты мобилографтар арасында байқаулар өтеді. Аудандарда жаңа жылдық жәрмеңкелерде өткізу жоспарланып отыр. Сонымен бірге, Аяз аталардың шеруі өтеді», - деп хабарлады Арман Қырықбаев.
Сіздің реакцияңыз қандай?