Теректі мектебінің информатика кабинетінде порнография көрсетілген
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында 14 мектеп директоры жазаланды, деп хабарлайды sadaqmedia.
Теректі ауданының прокуратурасы осы мектептердің информатика кабинеттерінде тыйым салынған интернет-контенттер ашық дереккөзде болғанын анықтаған.
“Осылайша, мониторинг барысында кәмелетке толмағандардың әртүрлі суицид пен зорлық-зомбылық көріністері бар сайттарға еркін кіру мүмкіндігі белгілі болды. Осыған 14 мектеп директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды”,-деп хабарлайды прокуратура.
Прокурорлар ауданның барлық білім беру мекемелерінде осындай интернет-сайттарға кіруге шектеу салды.
Сіздің реакцияңыз қандай?