«Украинаға барып мыңдаған Салтанатты өлтіргендері аз ба?»: қоғам белсендісі Бишимбаевтың сотына келген Собчак жайлы
Ресейлік блогері бар, басқасы бар неге келгіштеп кетті? Біздің проблема осы елде шешілуі керек еді ғой. Ресейдің губерниясымыз ба?
Собчак Бишимбаев жайлы деректі фильм түсіріпті. Бәріне келісер едім. Бірақ өздерінде бәрі керемет пе? Бейбіт жатқан Украинаға барып мыңдаған Салтанатты өлтіргендері ше? Бала Салтанаттарды жетім еткені, мүгедек еткендері аз ба? Қаншама Салтанаттың аяқ қолын бомба жоқ қылған болар? Қаншама Салтанаттың төбесіне бомба жарылған болар? Ресейлік блогері бар, басқасы бар неге келгіштеп кетті? Біздің проблема осы елде шешілуі керек еді ғой. Ресейдің губерниясымыз ба?
Мұның артында кім тұрса да қатты саясиландырып жіберді. Шетелдік басылымдар не дейді? Қазақстанды онсыз да жабайы ел деп білетін. Ол жақта әйел өмірі құнсыз дейтін болар. Басқа да шетелдік басылымдарды қарасаң да сол. Біз соттың біткенін күтіп жүрсек атақты Әл Жазираның өзі Қазақстанда Экс министр әйелін өлтірген соң зорлық зомбылыққа қарсы дауыл болды дегендей жаза салыпты. 30 жылдағы елдің иммиджін көтереміз деп шашқан ақша желге ұшты дей бер.
Сәбит Рысбаевтың facebook пaрaқшaсынан
Сіздің реакцияңыз қандай?