Жатақхана тимеген студенттер 87 қонақ үй мен хостелдерде тұрып жатыр

Қараша 30, 2023 - 13:23
Желтоқсан 1, 2023 - 15:27
Жатақхана тимеген студенттер 87 қонақ үй мен хостелдерде тұрып жатыр
Сурет: Booking.com

Қазақстандағы университеттер студенттерге жатақхана ретінде 87 қонақ үй мен хостелді жалға алған, деп хабарлайды sadaqmedia.

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.  Бүгін өрт болып, 13 адам қаза тапқан “Almaty Hostel" хостелі мен министрлік шарт жасаспаған.

“ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Алматы қаласының жоғары оқу орындары аталған хостелмен студенттерді орналастыруға келісім-шарт жасаспағанын хабарлайды. Студенттер бұл хостелге орналастырылмаған”,-деп хабарлады министрлік.

Айта кетейік, бірқатар БАҚ бұл хостел “Халық банктің” кепілдегі мүлкі екенін және оны банк жалға беріп отырғанын жазған еді.

“Біздегі мәлімет бойынша, бұл хостелдің тұрғындары жеке жалдау компаниясымен ынтымақтастық арқылы өз бетінше келісім-шарттар жасасты. Бүгінгі таңда ЖОО-лар 87 нысанды (қонақ үйлер мен хостелдер) жалға алды”,-деп хабарлайды Ғылым министрлігі.

Министрлік студенттер тұратын хостелдер мен қонақ үйлердің қауіпсіздігіне қатты талап қойылатынын ескертіп отыр. 

“Шарт жасасқан хостелдерде ЖОО-ның студент жастары ғана тұрады. Үй-жайларға үнемі мониторинг және тексеру жүреді”,-деп хабарлады министрлік.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow