Астанада көше тазалаушысын тізерлетіп кешірім сұратқан адам қамауға алынды

Аула сыпырушы ер адамның әйелін балағаттаған көрінеді.

Ақпан 29, 2024 - 10:28
Ақпан 29, 2024 - 11:03
Астанада көше тазалаушысын тізерлетіп кешірім сұратқан адам қамауға алынды

Астанада көше тазалаушыға күш көрсетіп, тізерлетіп кешірім сұратқан адам бес тәулікке қамауға алынды, хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Аула сыпырушы сес көрсеткен жігітке қатысты арыз түсірмеген.

Кадрларда көліктің шетінде тұрған ер адам жұмысшыға бірдеңе айтып жатқанын көруге болады. Ол одан қашуға тырысқанымен, ер адам оны көшенің арғы бетіне өтіп ұстап алады. Кейін жұмысшыны жұлқылап, тізерлеуге мәжбүр етеді.

Елорда тұрғынын полицейлер бірден қолға түсірген. Дегенмен, жәбір көрген ер адамның да жұмыс уақытында ішімдікке сылқия тойып алғаны анықталды. Бұл оқиғаға қатысы бар екі азамат та жауапқа тартылды.

«Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Бүгін әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен құқық бұзушы 5 тәулікке қамауға алынды. Жұмыс орнында мас күйде болған аула сыпырушы да жауапқа тартылды. Аула сыпырушысы ер адамның әйелін балағаттаған. Артынша жанжал туындаған», – дейді Астана ПД баспасөз қызметінің аға инспекторы Эльмира Шауленова.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow