Астанада ұйқысы бұзылған адам дәстүрлі емшінің екпесінен кейін көз жұмды
Астана қаласының прокуратурасы абайсызда бір адамды өлтірген дәстүрлі емшінің кінәсін дәлелдеді, деп хабарлайды sadaqmedia.
Дереккөзге сүйенсек, сотталып отырған адам ешбір лицензиясыз шығыс медицинасы бойынша жұмыс істеген. Қаза тапқан адам ұйқысы бұзылған соң, осы емшіге жүгінген екен. Емші оған Қазақстан Республикасында лицензияланбаған препараттың екпесін салғаннан кейін науқастың жағдайы күрт нашарлап кеткен.
“Науқас есін жимастан қайтыс болды. Сараптаманың қорытындысы бойынша өлімнің себебі анафилактикалық шок. Сот үкімімен кінәлі адам медициналық қызметпен айналысу құқығынан айырылып, сотталды”,-деп хабарлады Астана қаласының прокуратурасы.
Сіздің реакцияңыз қандай?