LRT құрылысын аяқтау үшін келесі жылы 45 млрд қаражат керек – Көлік министрі

Қараша 28, 2023 - 13:32
LRT құрылысын аяқтау үшін келесі жылы 45 млрд қаражат керек – Көлік министрі
Фото egemen.kz

2024 жылы Астанадағы LRT құрылысын аяқтау үшін республикалық бюджеттен 45 млрд теңге алу мәселесі талқыланып жатыр, деп хабарлайды sadaqmedia.

Бұл туралы бүгін үкімет отырысынан кейінгі брифингте көлік министрі Марат Қарабаев мәлім етті. 

«Нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстарын жалғастыру үшін келесі жылға 45 млрд теңге алу мәселесін талқылап жатырмыз. 2023 жылдың басында 52 млрд теңге алынған. Осы ақшаның арқасында діңгек қағу жұмыстарының 96 пайызы, тіректерді тұрғызу жұмыстарының 76 пайызы, құрастыру жұмыстарының 82 пайызы аяқталды»,-дейді министр.

Оның айтуынша, қазір құрылыс алаңында 1500 адам жұмыс істеп жүр.

«Егер жұмыстың ауқымы ұлғайып, осы команда игере алса, құрылыс-монтаждау жұмыстарын тездетсе, тағы да 150 млрд теңге сұраймыз», - деді ол. Айта кетейік, LRT құрылысын 2025 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow